Мектеп –келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя.
Қазақстан Республикасы Конституциясы куні құрметіне 2022 жылдың 27 тамыз күні Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де қосымша соғылған ғимараттың ашылу салтанатты болып өтті. Атаулы орта мектептің жалпы сыйымдылығы 300 білім алушыға арналған. Мектептің іргетасы 1938 жылы қаланып, 1986 жылы күрделі жөндеуден өткен.1938 жылы салынған ғимарат кайта жаңғыртылып бүгінгі күні жаңа оқу жылының қарсаңында аудан басшысы Сәкен Қаланұлы Арубаев , Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының бас ғылыми қызметкері , профессор Орденбек Мызбаев, ардагер ұстаз Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Жаппасбаева Ұлбосын Жаппасбайқызы арнайы қатысып лентасын қиды. Жаңа салынған ғимаратта заманауи техникамен жабдықталған химия, физика, математика, информатика, лингофон кабинеті, екі шеберхана, спорт зал бар. Мектеп –келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя.