Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-де 2022 жылдың 7-қыркүйек күні “Спорт-денсаулық кепілі!” тақырыбында таңғы жаттығу өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту. Білім алушылардың денсаулығын, ой-өрісін, шапшаңдылығын дамыту, спорттық шеберліктерін арттыру.Таңғы жаттығуға мектептегі білім алушылардың барлығы белсене қатысып,нәтижесінде барлығы жақсы көңіл күйде сабаққа кірді.