Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 11-қазан халықаралық қыздар күніне орай 2022 жылдың 11 қазанында «Ұлт болашағы- қыз тәрбиесінде» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Адалбекова мен мектеп психологы Ж.Т.Қаратаева қыздармен мектептің ішкі тәртіп ережесі, қоғамда орын алып жатқан жасөспірімдердің электронды шылым шегуі, алкоголь өнімдерін пайдалануы, қыз балаға жат шаш бояу, түрлі пирсинг тағынуы туралы әңгімелер төңірегінде әңгімелесу жүргізілді. Қыз баланың қоғамдағы орны, оның нәзіктігі мен тәрбиелігіне байланысты ситуациялық сұрақтар қойылып әңгіме сұқбат жасалып. Қыздарға жадынама таратылып ақпараттандыру –түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 8-11 сыныптың 45 білім алушысы қатысты.