«Бопсалау, қорқытып алу – заңға қайшы әрекет» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ директоры А.С.Джумагулова Шу ауданы мобильдік топтардың құқықтық оқыту бойынша факультативтік сабақтардың жоспарына сай «Бопсалау, қорқытып алу – заңға қайшы әрекет» тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқыды. Дәріс барысында ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-ші «Қорқытып алу» бабымен таныстырылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.