Шу қаласы « Ыбырай Алтынсарин орта мектебі» КММ –де 2022 жылдың 28 қараша күні «Оқуқұштар мектеп» жобасы бойынша мектеп кітапханашысы «Үздік оқырман отбасы» атты байқау ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: Балаларға кітап оқу дағдысын қалыптастыру. Отбасы мүшелерін татулық пен ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеу. Сауатты оқуға, рухани мұраны сақтауға, өз еліне, жеріне ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Шығармашылыққа тәрбиелей отырып, ақын – жазушылардың шығармаларын оқуға, танып білуге баулу. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Тоқсанбаевтар отбасы қатысты. 2 баланың анасы Жомартова Гүлжайна шара барысында ойын білдіріп, балаларға кітап оқуға кеңес берді. Қызы Дәмір Әдемі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа» әңгімесін анасымен бірге талқылады.