«Тарих –география пәндерін оқытудың әдістемесі: перспективасы мен ерекшеліктері» атты аудандық семинар практикум ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға аудан көлеміндегі мектептерден 40 маман қатысты.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 13 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің ұйымдастырумен «Тарих –география пәндерін оқытудың әдістемесі: перспективасы мен ерекшеліктері» атты аудандық семинар практикум ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға аудан көлеміндегі мектептерден 40 маман қатысты. Семинар 3 кезеңнен тұрды: 1.Пленарлық бөлімде мектеп психологы Ж.Т.Қаратаева танысу теренингі арқылы келген қонақтармен танысу жасап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Тәуелсіздік- тәңірдің сыйы» атты концерттік бағдарлама қойылды. 2.Практикалық бөлімде география пәні мұғалімі Ғ.Б.Наурызбаев«Дүниежүзілік мұхит суының қасиеті» және тарих пәнінің мұғалімі М.М.Нурбекова «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі А.Р.Адалбекова , М.М.Нурбекова «Тарих сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг барысында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасу процесі жүргізілді. З.Р.Абдығалиева сыныптан тыс жұмыс «Дебат» АПФ форматын тарих сабағында қолданудың жолдарын түсіндірді. Семинарға қатысушылар кері байланыс арқылы практикумның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілгенін айтып, семинар соңында Шу аудандық білім бөлімінің әдіскері К.М.Садыгулова Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұжымына үлкен алғыс білдіре отырып, алғыс хат, сертификаттармен марапаттады.