«Жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстелге Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты.
Шу қалалық мәдениет үйінің жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 19-ші қаңтар күні сағат 11-де қалалық мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстелге Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл, әділетті тұлғаны қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, өзіне жүктелген міндетті орындау. Заңның мықтылығы -атында емес, адалдығы мен әділдігінде екенін ұғындыру.