ДҚТІЖО М.Нурбекова мен АӘТД пәнінің мұғалімі Т.Сағырбаев 8-11 сынып ұлдарымен әңгіме жүргізді.
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де 2023 жылдың 31 қаңтар күні ДҚТІЖО М.Нурбекова мен АӘТД пәнінің мұғалімі Т.Сағырбаев 8-11 сынып ұлдарымен әңгіме жүргізді. Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, өз құқықытарын қорғай білуге тәрбиелеу. Әңгіме жүргізу барысында ДҚТІЖО М.Нурбекова «Әкімшілік жауапкершілік деген не?» тақырыбында дәріс оқып, білім алушыларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің баптарымен таныстырып, қандайда бұзақылық жасаған жағдайда жауапқа тартылатыны туралы ескертті. Мектеп мебдикесі Б.Башегова ұлдарды зиянды заттардан бойын аулақ ұстаға үйрету мақсатында зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстану керектігін айтты.