Интернет алаяқтардың құрбаны болмас үшін мына ережелерді қатаң сақтаңыз.
Интернет алаяқтардың құрбаны болмас үшін мына ережелерді қатаң сақтаңыз. - Ұялы телефон арқылы нұсқау беретіндердің сөзіне сенбеңіз; - Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.; - Жеке деректеріңізді бейтаныс, тексерілмеген сайттарға енгізбеңіз; - Онлайн сайттардан тауар сатып аларда алдын ала төлем жасауға келісім бермеңіз; - Бейтаныс нөмірден келген немесе экранға қайта-қайта шыға беретін спам хабарламаларға жауап беруге, сілтемелерге кіруге болмайды; - Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз.