"Жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктілік" тақырыбында дәріс жүргізді.
"Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ-де 2023 жылдың 13-ақпан күні құқықтық тәрбие беру айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушіліктің және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу АПБ ЖПҚБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Садық Жансая Қырбашқызы мектептің 10-11 сыныптардың қыз балаларына "Жыныстық тиіспеушілік және ерте жүктілік" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында қыз балаларға ерте жүктіліктің қауіптілігі туралы айтып, жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ақыл-кеңестер берді.