Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес 2022 жылдың 13 қыркүйек күні «Тіл халық мұрасы» тақырыбында іс- шара өткізілді. Мақсаты:шара барысында Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерін құрметтеуге, өзара қарым-қатынас жасау, өзара татулық тіл табысудан басталатынан ұғындыру. Үш тілділік саясатының мән –мағынасын ашу. Қатысушылар үш тілде өлеңдер оқып, көрініс қойылым жасалып, тіл құдіреті туралы ақын –жазушылардың өлеңдері оқылды. Алаштың арысы Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына 150 жыл толуы қарсаңында қазақ тілінің реформалауда, әліппенің негізін салушы ретіндегі атқарған үлкен қызыметі мен шығармашылығы туралы көрме жасалды.