Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын! Мемлекеттік рәміздер –бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі.
Ұлы Абай айтқандай, «толық адам» келбетіне жету –түпкі нәтижені меңзейді. Тәрбие – бұл көпжақты, үздіксіз, қоғамдық құбылыс. Сондықтан болашақ ұрпақ тәрбиесіне біртұтас ел болып ат салысу басты парызымыз.