2023 жылдың 21 ақпан күні білім алушыларға кәсіптік білім беру іс-шара жоспарына Шу аудандық өрт сөндіру бөлімшесінің ашық есік күніне 8 сынып білім алушылары барып қайтты.
«Кәмелетке толмағандардың нашақорлық, зиянды заттарды қолдануының алдын алу. Буллинг «Жаман әдеттер және жасөспірімдер ортасы» тақырыбындағы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсембаев Мелис, Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Қалиев Сарсебай, Шу қалалық ардагерлер кеңесінің билер мүшесі Абдреев Бақтияр, Шу қалалық жастар орталығының инспеторы Бадаев Мұхтар 11 сынып білім алушыларымен мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
«Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау» тақырыбында түсіндірме-ақпараттандыру жұмысын жүргізе отырып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, түнгі уақытта ойын-сауық клубтарына бару, мезгілсіз уақытта ата-анасынсыз жүрудің жауапкершілігі туралы ақпарат берді.