Шу ст ЖПБ есірткі іс-қимылына қарсы күрес бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қуандық Ислам мен кіші инспектор кинолог, полиция аға сержанты Рахымберді Нұрбол жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында Шу қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9,10,11 сыныптардың білім алушыларымен кездесу өткізді.
«Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Н.Бақтияр «Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз!» тақырыбында 10 сынып білім алушыларымен кездесу өткізді.
«Темір жол қауіпті аймақ» және «Насыбайдың зияны» тақырыптары бойынша, сонымен қатар суық қару алып жүруге болмайтындығы туралы профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізіп, білім алушыларға қауіпсіздік ережелері бойынша жадынамалар таратып берді.