Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ " Средняя школа имени Ибрая Алтынсарина отдела образования Шуского района управления образования акимата Жамбылской области»
  • kz
  • ru
  • Ата - аналарға

    ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! 
    Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі.
    Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні. 
    Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз. 
    Қандай құжаттар қажет?
    Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда: 
    1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
    2) қағаз түрінде
    Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
    Қажетті құжаттар тізімі:
        ата-ананың өтініші;
        баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
        баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті. 
        «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлеметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.    Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
    •    микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
    •    сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
    •      білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.

    Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.
    Мектептің мекен жайы: Жапар Түйебеков  көшесі №28А үй 
    тел: 87029534946
    1 сыныпқа қабылдау

                                                                   Ескерту
         Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
         Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
    ✅   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.
    ✅   Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін, білім беру ұйымы қабарғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
    ✅  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
    ✅  Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.
    ✅  Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;
    ✅  Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;
    ✅   Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;
    ✅   Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.
    Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    АТА-АНАЛАРНАЗАРЫНА!!!

          Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай  Алтынсарин атындағы орта мектебінде  2023-2024  оқу жылының аяқталуына байланысты  24 мамыр күні  1-10  сынып оқушылары үшін  “Білімім – Отаныма!”  тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтеді.  Аталған іс-шарада сынып жетекшілері білім алушылар мен бірге оқу жылын қорытындылайды.
    БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ҮШІН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА  25  МАМЫР КҮНІ  “МЕКТЕБІМ, САҒАНМЫҢАЛҒЫС!”  ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТЕДІ.
         “Қазақ тілі мен әдебиеті”  пәнінен  5-8, 10 сынып оқушылары емтихан тапсыруды  27  мамырдан бастайды. Қорытынды бітіру емтихандары  9  сыныптар үшін  29 мамыр – 10  маусымаралығында,  11 сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары  28  мамыр – 11  маусым аралығында өтеді.
          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін бітіруші  4, 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
           Мектептіңішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кезкелген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.  Оқушыларды  «Соңғықонырау»  іс –шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралын ұсқаулықпен таныстыра отырып,  ата –анасының немесе заңды өкілінің, біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ету үшін қажеттілігін ескертеміз. Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып,  ойын-сауықалаңдары,  мейрамханалар мен саябақтарға, өзен жағасына баруына тыйым салынатындығын ескертеміз!  
           Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.
    Құрметті ата-ана !  Ұл-қыздарымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру сізбен біздің негізігі -міндетіміз! Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып,  балалардың денсаулығымен өмірқауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймыз!!!
          Ыбырай  Алтынсарин атындағы орта мектебінің әкімшілігі.

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710856125450661/files/%D0%A1%D0%BE%D2%A3%D2%93%D1%8B%20%D2%9B%D0%BE%D2%A3%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83.jpg?_t=1716264152 

    🔰Бала қауіпсіздігі - басты назарда!
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1710856125450661/files/%D0%B0%D1%82%D0%B0-%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%20%D0%BD%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B0.jpeg?_t=1716965046 

     





    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Керекті сілтемелер